АҚШ-та 6 миллион бала коронавирус жұқтырды

english.news.cn
english.news.cn
Пандемия басталғаннан бері Құрама Штаттарда 13,9 миллионнан астам бала коронавирусқа оң нәтиже берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Америкалық педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының соңғы есебіне сәйкес, 2022 жылы АҚШ-та 6 миллионнан астам бала каронавирус жұқтырғаны тіркелді, соңғы төрт аптада тағы 287 мың баладан осы инфекция анықталған. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Дүйсенбіде жарияланған есепте Құрама Штаттардағы балалар арасында COVID-19 ауруының саны бір жыл бұрынғыдан әлдеқайда көп екені анықталды. 

Осыған байланысты, вирустың жаңа нұсқаларымен байланысты аурудың ауырлығын, сондай-ақ балалар мен жастардың физикалық және психикалық денсаулығына ықтимал ұзақ мерзімді салдарын бағалау үшін жасқа байланысты деректерді көбірек жинау қажет. 

Пандемия басталғаннан бері Құрама Штаттарда 13,9 миллионнан астам бала коронавирусқа оң нәтиже берді. 

АҚШ денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бес жасқа дейінгі 30 мыңнан астам америкалық бала ауруханаға жатқызылды, 500-ге жуық адам қайтыс болды.

Новости партнеров