|
28.11.2021 | 14:06
734

Еуропа карантин шараларын күшейтті

Дәрігерлер вакцинацияланбаған адамдарды оқшаулауды ұсынады

Еуропа карантин шараларын күшейтті ҚазАқпарат

Еуропаның бірқатар елі коронавирусқа байланысты шектеу шараларын күшейту туралы айтуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Испания билігі вакцинация туралы сертификаттың бар болуына қарамастан инфекцияның таралу қаупі жоғары елдерден келген барлық жолаушылардан коронавирусқа теріс тест талап етуді қолға алуда. Испания ЕО құрамына кірмейтін «тәуекел тобындағы елдер» қатарына 20-ға жуық мемлекеттен басқа барлық елді жатқызады. Германияда жетекші вирусологтар бүкіл халықтық қатаң карантин енгізуге шақыруда. Дәрігерлер вакцинацияланбаған адамдарды оқшаулауды ұсынады. Эпидемиолог Александр Кекуле: «Біз толық оқшауланбай төртінші толқынды тоқтата алмайтынымызды мойындауымыз керек», — деді. Австралия коронавирустың жаңа штамының пайда болуына байланысты Африканың тоғыз елінен келгендерге елге кіруге тыйым салды. 

Бұл—Ботсвана, Зимбабве, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Сейшел аралдары, Эсватини және Оңтүстік Африка.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир