Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«Вирус жұқтырғандар 1987, 1988, 1994 жылы туған азаматтар, олар ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ 1955 жылғы ер кісі өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған», - делінген хабарламада.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 233 адам анықталды.