«Омикрон» штамы адамға бірнеше сағат ішінде жұғады. Оның тағы бір ерекшелігі, вирус ағзадан тез, шамамен жеті күннің ішінде жойылады. Ресей мамандары осылай дейді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оңтүстікафрикалық штамнан өлім-жітімнің көп емесін де алға тартты. Десе де, босаңсуға ерте екенін ескертті.
«Пандемия әлі аяқталған жоқ және «омикронның» қарқынды өсуімен бүкіл әлемде жаңа нұсқалар пайда болуы мүмкін», - деді ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус.
Ал елімізде ауруға шалдыққандар саны өткен аптамен салыстырғанда төмендеген. Антирейтинг басында Алматы тұр.
Елордада 1194 адам ковид жұқтырған. Алғашқы үштікті Қарағанды облысы қорытындылады. Онда бір мыңға жуық тұрғыннан вирус анықталыпты. Елдің оңтүстігінде жағдай тұрақталып келеді. Қызылорда облысы мен Шымкент қауіпті аймақтан шығып, «сары» аймаққа кірді. Тек Түркістан облысы ғана жасыл аймақта тұр.