COVID-19: Әлемдегі жағдай

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Коронавирус жұқтырудың апталық өсіміне тоқталатын болсақ, алғашқы бестіктегі елдер қатарында бұрыңғыдай АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус індетіне қатысты әлемдегі ахуал. Көрші Ресейде бір тәулікте 18 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Елде инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 1 миллион 500 мыңнан асты. Өсім 1,1%-ды құраған. Қазіргі уақытта ем алып жатқан науқастар саны 368 мың 351-ге жетті. Коронавирустан болған өлім саны бір күн бұрын 346 болса, тәулік ішінде 366-ға дейін артты. Бұл да пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Жалпы Ресей Федерациясында инфекциядан 27 мың 301 адам көз жұмды. Ал 1 миллион 186 мың науқас қауіпті індетті жеңіп шыққан. 

Әлемде қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты Беларусь бірқатар елмен шекараны жауып, көршілес мемлекеттерден көлік қатынасын уақытша шектеді. Өткізу пунктері арқылы Латвия, Литва, Польша және Украина елдерінен азаматтардың жекелеген санатына кіруге рұқсат жоқ. 

Айта кетейік, Минскінің Ұлттық әуежайындағы өткізу пунктінде аталмыш шектеулер енгізілмеген.

Ал коронавирус жұқтырудың апталық өсіміне тоқталатын болсақ, алғашқы бестіктегі елдер қатарында бұрыңғыдай АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция бар. АҚШ-та 9 миллион 200 мыңнан астам адам індет жұқтырып, 234 мың адам қайтыс болған. Ал Үндістанда халықтың 8 миллионы ауру жұқтырып, 121 мыңнан астам адам індеттен көз жұмған. Бразилияда 5 жарым миллион адам вирус жұқтырып, 159 мың адам мерт болды.

Новости партнеров