Соңғы күндері Қостанай облысында КВИ-мен сырқаттанушылар бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Осыған байланысты, COVID-19 ауруларының одан әрі таралуын болдырмау мақсатында облыстық жедел штаб 2020 жылғы 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады, атап айтқанда:
- Қостанай қаласының периметрі бойынша блокпосттар орната отырып, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізілсін;
- КВИ-мен сырқаттанушылықтың күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитариялық блокпосттар орнату;
- ПТР анықтамасы жоқ жүк көлігі мен жолаушылардың Қостанай облысына кіруіне тыйым салынсын, олар болмаған жағдайда адамдар тексеру үшін 2 күнге дейінгі мерзімге карантиндік госпитальға жіберіледі;
- әуе қатынасы жолаушыларына теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамалардың міндетті түрде болуы (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);
- әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салу (билет болған жағдайда ғана өткізіп алу);
- темір жол тасымалдарының көлемі мен кезеңділігін қысқарту («Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келісім бойынша);
- Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың жүріп-тұруы сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін шектелсін;
- қоғамдық көлік жұмысына отыратын орын саны бойынша сағат 06.00-ден сағат 20.00 - ге дейін бастап рұқсат беру. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтайды;
- діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметі тоқтайды;
- мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, мұражайлардың қызметі тоқтайды;
- жұмыс күндері сағат 08.00-ден бастап сағат 21.00 - ге дейін жұмыс режимін шектей отырып, бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, сағат 21.00-ден кейінгі жұмыс тек алып кетуге және жеткізуге, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шараларды өткізбей рұқсат беру. Жексенбі және мереке күндері сағат 21.00-ден кейін жұмыс тек алып кетуге және жеткізуге.;
- 08.00-ден бастап 19.00-ге дейін жұмыс режимімен алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне рұқсат беру. Жексенбі күндері жұмыс жасамайды;
- жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша фитнес-орталықтардың, жаттығу залдарының және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беру, жұмыс уақыты сағат 08.00-ден бастап 19.00-ге дейін бір келушіге 50% - дан аспайтын және 5 шаршы метрден кем емес толтырылуын қамтамасыз ету кезінде. Демалыс және мереке күндері мекеме жұмысы тоқтайды;
- спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін кетуіне тыйым салу;
- жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының) жиналуына жол бермеу;
- күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салу.
- мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80% - ының жұмысын қашықтықтан режимге көшіру;
- жолаушылар саны 2 адамнан аспайтын, сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін таксидің жүріп-тұруын шектеу;
- театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру;
- сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.
- азық-түлік дүкендерінің жұмыс режимін сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін шектеу;
- термопарк жұмысын жабу;
- демалыс және мереке күндері қалааралық қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтайды.