|
05.04.2021 | 15:22
811

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 130 миллионнан асты

Алғашқы бестікте АҚШ, Бразилия, Үндістан, Франция және Ресей тұр. 2 миллион 800 мңнан аса науқас кеселдің құрбаны болды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 130 миллионнан асты Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 1 мың 900 болса, Үндістанда бір күннің ішінде 103 мың 558 адамнан вирус анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, бұл - осы уақытқа дейінгі тәулік ішіндегі ең үлкен өсім. Нәтижесінде жұқтырғандардың жалпы саны 12 миллион 500 мыңнан асты. 

Ал, Ұлыбританияда "коронавирус паспорты" жасалмақ. Аталған құжатта ауру туралы жазбалар, COVID-19 -ға қарсы вакцинация және ПТР-дың бұрыс нәтижелері жайлы мәлімет енгізілетін болады. Бұл бастама әзірге пилоттық режимде Англияда жұмыс істемек. 

Бүгінде әлем жұртының 132 миллионға жуық тұрғыны коронавирус жұқтырған. Алғашқы бестікте АҚШ, Бразилия, Үндістан, Франция және Ресей тұр. 2 миллион 800 мңнан аса науқас кеселдің құрбаны болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир