Қызылорда облысында қашықтан білім алып жатқан 2 оқушыдан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қызылорда облысында 19 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында қашықтан білім алып жатқан 2 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қызылорда облысында 19 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның 1-і Қармақшы ауданында, 4-і Қызылорда қаласында болған. 

Айта кетерлігі, қатерлі дертті жұқтырған адамдардың 3-і бір отбасыдан шыққан. Олар бір-бірімен жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Қатерлі дертті жұқтырғандар арасында 2011 және 2013 жылы дүниеге келген 2 оқушы бар. Оқушылар қашықтан білім алады. 

«Науқастардың арасында ПТР анализі 4 адамнан коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 1 адам денсаулық жағдайына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген. Науқастардың 1-де аурудың клиникалық белгісі байқалса, қалғанында ауру белгісінсіз түрде анықталды. Қазіргі таңда 1-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Қалғаны үйде ем алуда және медициналық бақылауға алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. 

Ведомство мәліметінше, ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынған.

Новости партнеров