|
03.02.2022 | 18:10
2425

Бейжің-2022: Спортшылардан коронавирус анықталған жағдайда қандай шара қолданылады

Вирус жұқтырғандардың ішінде жарысқа қатысушылар мен топ құрамандығы ойыншылар да бар

Бейжің-2022: Спортшылардан коронавирус анықталған жағдайда қандай шара қолданылады the-steppe.com

Ертең Қысқы олимпиада ойындары басталғалы отырған Қытай астанасы Бейжіңде эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді. Коронавирус инфекциясы әсіресе әлемнің түкпір-түкпірінен спорттық шараны тамашалауға жиналған көрермендер арасында көптеп тіркеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.        

Вирус жұқтырғандардың ішінде жарысқа қатысушылар мен топ құрамандығы ойыншылар да бар екен. Ұйымдастырушылар енді олардың әрқайсысы күн сайын ПТР-сынамысынан өтіп отыратынын айтады.

Ал Францияда ахуалдың күрделі болғанына қарамастан, карантин шаралары біраз жеңілдеген. Жергілікті тұрғындар енді көшеде бетпердесіз еркін жүре алады, сондай-ақ алдағы аптада қаладағы ірі ойын-сауық орталықтары ашылады деп жоспарланып отыр. Ал тамақтану орындарына тек екпе алғандар кіре алады.  

«Францияда ковид жұқтырғандар саны тәулігіне жарты миллионнан асып отыр. Жағдай күрделі. Бірақ біз алдағы уақытта шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдетуді ойлап отырмыз. Себебі COVID-19-ды біз қалыпты вирус ретінде қабылдауымыз керек. Әлемдік тәжірибе осы дертпен бірге өмір сүруіміз керек екенін көрсетіп отыр. Карантин шараларын жеңілдетуді тек біздің Франция ғана емес, бүкіл Еуропа елдері қолға алып отыр», - деді француз үкіметінің өкілі Габриэль Аттал.         

Оңтүстік Африканың қауіпті штамы о«микрон» Ресейде де өршіп тұр. Бүгінде вирустың бұл түрі көрші елдің 44 өңірінде тіркелген. Жұқтырған адамдар саны 300-ден асады.

Ал еліміздегі эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталды. Соңғы тәулікте республика бойынша 7 мың адамнан қауіпті дерт анықталған. Олардың дені Алматы мен Қарағанды облысында. Қазір бұл қалалар «қызыл» аймақта тұр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир