Алматыда пандемия кезінде БМСК жанындағы мобильді топтар өз жұмысын жалғастырып келеді. №11 Қалалық емхананың мобильді топтарының меңгерушісі Арыкова Перуза Жаймұханқызы бүгін Алматыдағы БМСК-тің мобильді топтарының қалай жұмыс жасайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Емхана базасында пандемия басталғалы бері 7 мобильді топ құрылды, олардың әрқайсысы бір жалпы тәжірибелік дәрігер мен бір медбикеден тұрады, сонымен қатар кардиолог, невропатолог және эндокринолог, акушер-гинеколог және инфекционист мамандарының кеңестері де кіреді.
ЖТД, педиатрия және әйелдер кеңесі бөлімшелерінің меңгерушілері күнделікті онлайн кеңестер өткізеді.
Үйге барып емдейтін мобильді топ пациенттің алғашқы тексеруін жүргізеді, жағдайдың ауырлығын бағалайды, егер көрсетілсе жедел-тест және (немесе) ПТР-тест көмегімен COVID-19 талдауын алады, ал қажет болған жағдайда рентген немесе компьютерлік томография үшін жолдама береді.
Жыл басынан бері емхана ЖРВИ мен тұмау белгілері бар науқастарға 10 мыңға жуық үйге барып қарау жүргізілді.
2289 науқаста КВИ диагнозы расталды. Оның ішінде 272 науқас ауыр халде стационарға жатқызылды.
«Біздің госпитализациялауды қажет етпейтін пациенттеріміз үйде емделеді, хаттамаға сәйкес, ақысыз болады. Оған амбулаториялық қашықтықтан бақылау, дәрігер кеңесімен күнделікті қоңырау шалу кіреді, ал қажет болған жағдайда кеңестерді арнайы дәрігерлер жүргізеді», – деп айтады маман.
Естеріңізге сала кетейік, емханада инфекцияның таралмауы аясында сүзгі бөлмесі, триаж жүйесі, сондай-ақ ЖРВИ белгілері бар жүкті әйелдер мен балаларға арналған бөлек сүзгі бөлмесі бар.
Маман ЖРВИ-ның алғашқы белгілерінде немесе бұрын анықталған науқаспен байланыста болған кезде үйде қалып, дәрігерді үйге шақырту керектігін айтты. Сізге мобильді топ міндетті түрде келеді, сізге үйден шығудың қажеті жоқ, сонымен қатар сіз көп адамдар шоғырланған жерлерге бармауыңызды сұрайды.
Соңына келгенде Перуза Арыкова вакцинациялануды ұсынады.
«Бұл вирусты біз мықты иммунитетке қол жеткізу арқылы жеңе аламыз», – дейді медицина қызметкері.