|
26.01.2022 | 16:04
242

Германияда коронавирусты жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді

Өткен тәулікте вирус жұқтыру жағдайларының саны 164 мыңға жетті

Германияда коронавирусты жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді ҚазАқпарат

Пандемия басталғаннан бері Германияда алғаш рет инфекция жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 150 000-нан асты, апта сайынғы инфекция жұқтыру деңгейі 900-ден асты. Реанимация бөлімшелерінің жүктемесі де артып келеді, бірақ төмен деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен тәулікте вирус жұқтыру жағдайларының саны 164 мыңды құрады (бір күн бұрын – 126 955 және өткен сәрсенбіде 112 323). Осылайша, 21 қаңтарда тіркелген 140 160 бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен асып кетті. Германиядағы коронавирусқа қарсы шектеулерді күшейтудің немесе әлсіретудің ең маңызды критерийі - қарқынды терапия бөлімшелерінің жүктемесі де өсіп келеді, бірақ әлдеқайда төмен қарқынмен. Медициналық мекемелердің мәліметтері бойынша 100 мың халыққа шаққанда 4,07-ге дейін өсті; екі күн бұрын ол 3,87 болған. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың Рождество кезеңінде ең жоғары деңгейге жетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир