БҚО-да соңғы төрт күнде 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Эпидемиолог мамандардың сөзіне қарағанда, ауырғандардың саны мейрам күндері күрт көбейген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 304 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 170-інде ауру белгілері байқалса, 134-інің симптомы болмады. Ауырғандардың 144-і ЖРВИ белгілері бойынша медициналық көмекке жүгінген кезде анықталса, 106-сы – науқастармен байланыста болғандар. Оған қоса 44 адамнан профилактикалық мақсатта тексерілгенде, 10-ынан стационарға жатқызылар алдында белгілі болған. Індет жұқтырғандардың басым бөлігі немесе 238-і Орал қаласының үлесіне тиеді. 

Сондай-ақ Бөрлі ауданында төрт күнде 28, Бәйтеректе 22 адамнан індет табылды. Қазіргі кезде «қызыл» аймаққта тұрған облыста осы кезге дейін барлығы 14549 адам жұқпалы дерттің тырнағына іліксе, соның 11869-ы жазылып шықты. 230-ы өмірден өтті. Эпидемиолог мамандардың сөзіне қарағанда, ауырғандардың саны мейрам күндері күрт көбейген. Бұл жасырын түрде той, садақа секілді көпшілік іс-шара жасаушылардың тыйылмай отырғанын көрсетеді. 

Новости партнеров