|
26.01.2022 | 17:09
3039

«Омикрон» штамы балаларға қаншалықты қауіпті

Коронавирус және оның жаңа штаммдары күн сайын ересектерге ғана емес, балаларға да қауіпті болып бара жатыр

«Омикрон» штамы балаларға қаншалықты қауіпті wall-street.ro, медиа-центра МЗ РК


Коронавирус және оның жаңа штамдары күн сайын ересектерге ғана емес, балаларға да қауіпті болып бара жатыр. «Омикрон» жаңа инфекция тәсілі екі жастан бес жасқа дейінгі балаларға аса қатты әсер етеді деп хабарлады Алматы қаласы №36 қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Динара Кайпова, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Оларда вирус жоғары тыныс алу жолдары мен бронхтарын зақымдау арқылы өтеді. Омикрон – Оңтүстік Африка Республикасында алғаш рет анықталған SARS-CoV-2 вирусының жаңа штамы. Коронавирустың «омикрон» штамы басқаларынан қатты жұғатынымен және адам ағзасының жедел әсер етуінің жоғары қарқындылығымен ерекшеленеді. Балаларда ол SARS-CoV-2 инфекциясының басқа вариантына қарағанына көп кездеседі дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, коронавирустың «омикрон» жаңа штамы балаларда көбінесе ұсақ бронхылардың қабынуымен-бронхиолит симптомы арқылы білінеді. Ауыру кезінде тыныс алу жетіспеушілігі, пневмония дамуы мүмкін. Мұрынның бітуі, жөтел, тамақтың ауыруы, диарея, бөртпе және шаршап-шалдыққандығы секілді белгілерінің болуы балалардағы «омикрон» коронавирус штамының аса көп таралғанын білдіреді.

15 % балалардағы «омикрон» үш күннің ішінде пневмония мен бронхиолиттің дамуы арқылы өкпенің зақымдануына және бөртпе шығуына себепші болмақ. Ең ауыр түрдегі инфекция бір жасқа дейінгі балаларда өтеді, себебі пневмония тез өршиді.

«Омикрон» жұқтырған кәмелетке толмағандарды емдеу тәуекелі «дельта» түріне қарағанда алдын ала деректер бойынша 20%-ға жоғары. Қауіп тобына генетикалық, неврологиялық, метаболизмдік, жүрек-қантамыр аурушаңдығы, туа біткен жүрек ақауы, семіздік, қан диабеті, астма немесе өкпенің басқа да созылмалы аурушаңдығы, оның ішінде, бір жасқа дейінгі балаларды қосқанда кіреді. Маман балалардағы коронавирустың алдын алуға арналған басты ұсыныстармен бөлісті.

«Ең бірінші, қол тазалығы керек. Қолыңызды жиі және дұрыстап жуыңыз, әсіресе, дәретханадан соң, тамақтың алдында жуыңыз. Кем дегенде 20 секунд сабындау керек. Серуенге шыққанда өзіңізбен бірге бактерияға қарсы сулық және санитайзер (қолға арналған бактерицидті гельді) алыңыз, қажет болса сонымен қолыңызды сүртіңіз. Екіншіден, балаңыз бетіне қолын тиігзбегенін қадағалаңыз. Бұл ересектер үшін де қауіпті: біз еріксізден бетімізге, мұрнымызға, маңдайымызға, көзімізге сағатына 15 рет қолымызды тигіземіз. Ерекше көңіл балаларға аудару керек, олар мұрнын шұқып, тырнағын тістелегенді жақсы көреді, осы әдеттерді доғару керек. Үшіншіден, балалармен тұратын ересектерге коронавирустан вакцина жасау, сонымен қатар, ревакцинация жасау қажет», - деп сөзін аяқтады Динара Кайпова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир