Бір күнде 14 мың адамнан індет анықталған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
750 бала мен 434 медициналық қызметкер дертке шалдықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Украинада соңғы тәулікте 14 174 адамнан COVID-19 анықталды. 5 438 адам аурухана жатқызылды, 342 адам вирустан көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2021 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша, Украинада COVID-19 вирусын жұқтырудың 14 174 жаңа оқиғасы тіркелген. Атап айтқанда, 750 бала мен 434 медициналық қызметкер дертке шалдықты. 5438 адам ауруханаға жатқызылды, 342 өлім оқиғасы тіркелген», делінген агенттік хабарламасында.

«Соңғы тәулікте расталған оқиғалардың ең көп саны Киев қаласында (1 300), Одесса (1 177), Хмельницкая (994), Львов (939) және Киев (813) облыстарында тіркелген», – деп қосып өтті Степанов. Пандемия басталғалы, Украинада 1 579 906 адам вирусқа шалдықты, 1 276 272 адам ауруханадан шығарылды, 30 773 өлім оқиғасы тіркелген, 7 778 231 ПТР-тестілеу жүргізілді.


Новости партнеров