Алматыда коронавирус індетінің таралуы артып келеді

coronavirus-control.ru
coronavirus-control.ru
COVID-19 оқиғаларының тәуліктік өсімі 0,032% жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында 2022 жылдың 16 маусымнан бастап COVID-19 саны күннен күнге көбейе бастап, 29 маусым күні 77 жағдайға жетті. COVID-19 оқиғаларының тәуліктік өсімі 0,032% жетті, 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 16,63–ке дейін көтерілді, репродуктивтік саны (R саны) 1,78–ге жетті (республикалық көрсеткіш 1,76). Бұл көрсеткіш 1 науқастан 2 адамға жуық COVID-19 жұқтырып жатқанын айқындайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі gov.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің (әрі қарай - ДСМ) коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасында Алматы қаласы әзірше жасыл аймақта – осы жылдың маусым айының 29 күніне дейін 497 КВИ жағдайы тіркелді.

23 маусым референс-зертханаға ПЦР нәтижесі оң болған 74 сынама жеткізілген, соның нәтижесі бойынша 58 (78,4%) сынама стелс-мутацияның, 16 сынама (22%) омикрон-мутацияның ықтималын көрсетті (толық-геномдық секвенирлік зерттеу жалғасып, растау күтілуде). Бұл нәтижелер бүгінгі таңда орын алып жатқан COVID-19 оқиғаларының өршуінің себепкері вирустың стелс-омикрон түрі екенін анықтады.

10 - 29 маусым күндері 458 ковидке шалдыққан адамдардың көпшілігі - 60% (275 адам), мүлдем вакцинация алмаған, 112 (24%) адам толық вакцинация алған, бірақ 6 айдан кейін тиісті ревакцинациясын алмаған. Жалпы иммунитеті әлсірегендер мен жоқтар ауруға шалдыққандардың 84%-ын құрады. Бұл жағдай вакцинация мен ревакцинация алмағандар стелс-омикронына шалдығып жатқанына дәлел.

Сонымен қатар маусым айының 23 күнінен бастап вакцинацияны толық алғандар COVID-19 ға қайта шалдыға бастағаны байқалып, күніне 11 – 16 адамнан тіркеле бастады - былтыр толық вакцина алғандардың жыл бойына 3306 адам COVID-19-ға қайта шалдықса, биыл 6 айдың ішінде 5294 адам қайта шалдықты. Бұл жағдай 1 жылдан астам вакцина алғандардың иммунитеті жоғала бастағанын және стелс-омикрон әлсіреген иммунитетті бұзып, ағзаға енетін қабілеті жоғары екенін айқындап тұр.

Бүгінгі таңға қалыптасқан қарқынмен COVID-19 ауруы жалғаса берсе, Алматы қаласы ДСМ коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының сары аймағына (белгілі шектеулерді қолдануға мәжбүрлейтін) көп ұзамай, 100 мың тұрғындық көрсеткіш 25,0–ге жеткенде, өтуі әбден мүмкін. Осы жағдайдың алдын алу, болдырмау мақсатында қала тұрғындарын вакцинациялау мен ревакцинациялау қажет, әсіресе мүлдем вакцина алмағандарды.

Бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша халықты коронавирус инфекциясына  қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

Мегаполисте 2022 жылдың 30 маусымына коронавирус инфекциясына қарсы  бірінші дозамен  1,2 млн  адам егілді, 79% қамтылды, 2 дозамен  1,1 млн. астам адам егілд,  98% құрап отыр.

«Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер) 1-дозамен 98 мыңнан астам адам, 2-дозамен 91 мыңнан астам адам егілді, 94% құрады.

Сонымен қатар халыққа ревакцинация жүргізу жұмыстарыда жалғасуда, ағымдағы жылдың 30 маусымына  ревакцинациямен  58%  қамтылды.

Қала бойынша вакцинация жүргізетін 64 егу пункті жұмыс жасап тұр,  бүгінгі күнге егу пунктерінде  «QazVak» вакцинасы 124 453 доза, Vero Cell Синофарм 185 112 доза бар.

«Комирнати» вакцинасы (Пфайзер) 6 123 доза бар, шамамен 10 000 доза қосымша жеткізу күтілуде.

Қала халқын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін жеткілікті мөлшерде вакцинамен қамтамассыз етілген.

Новости партнеров