|
27.11.2021 | 17:30
360

Әлем елдері шекараларын жауып жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрін 100-ге жуық адам жұқтырған

Әлем елдері шекараларын жауып жатыр  ҚазАқпарат

Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шұғыл отырысында коронавирус мутанты ресми VOC (қауіп тудыратын нұсқа) деп жіктелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл нұсқада өте көп мутация бар, олардың кейбірі аса қауіпті. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл түрінің басқа штаммдармен салыстырғанда қайта жұқтыру қаупі жоғары [VOC]. Сондай-ақ бұл түрі бұған дейінгі инфекцияларға қарағанда тез таралады»,  деп атап өтті ДДСҰ. 

Жұма күні таңертеңнен бастап әлем елдері шекарада шектеу шараларын күшейте бастады. Оңтүстік Африкада табылған және B. 1.1.529 деп аталатын коронавирустың жаңа қауіпті түрін өз аумағына әкелуге жол бермеуге тырысып жатыр. Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрін 100-ге жуық адам жұқтырған, олардың көпшілігі Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясында. Ресейден бөлек, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Израиль, Сингапур, Франция, Чехия және Жапония да Африка елдерінің азаматтарына елге кіруге тыйым салды. 

«Омикрон» Еуропаға да жеткен: алғашқы жағдай Бельгияда тіркелді. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен барлық Еуропа елдерін вирустың жаңа түрі табылған елдерден келетін туристерді уақытша кіргізбей тұруға шақырды. «Қазір Еуропада бәріміз өте тез, батыл және үйлесімді әрекет етуіміз керек»,  деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир