|
17.01.2022 | 20:10
6867

Алматыда «Құдайға шоқыну» мерекесі кезіндегі суға шомылу рәсімі өткізілмейді

Сондай-ақ мерекелік құлшылық рәсімдері де жабық түрде өтетін болады

Алматыда «Құдайға шоқыну» мерекесі кезіндегі суға шомылу рәсімі өткізілмейді inbusiness.kz

Алматыда «Құдайға шоқыну» мерекесі кезіндегі суға шомылу рәсімі өткізілмейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жыл сайын 19 қаңтарда еліміздегі православтық діндар азаматтар «Құдайға шоқыну» немесе «Крещение Господне» діни мерекесін атап өтеді. Бұл мереке барысында арнайы әзірленген орындарда азаматтар суға шомылу рәсіміне қатысады.

Алайда, биыл елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне және эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Алматы қаласында аталған мереке барысында суға шомылу рәсімі өткізілмейді.

Вознесендік кафедралдық собордың ключары Александр Суворовтың сөзіне сәйкес, биылғы 19 қаңтардан бастап «шомылу рәсімінің» орнына қала аумағындағы православтық шіркеулерде «қасиетті су» таратылатын болады. 

Сондай-ақ қаланың Бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, мерекелік құлшылық рәсімдері де жабық түрде өтетін болады.

Өз кезегінде, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдай департаменті мен Полиция департаменті қызметкерлерінің және жедел жәрдем қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері тарапынанда барлық храмдарда кезекшілік ұйымдастырылып, санитарлық талаптардың сақталулары жөнінде түсіндіру жүргізілетін болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир