Қытай дәрігерлері Алматыдағы коронавируспен күрес шараларына оң бағасын берді

twitter.com/sagintayev_b
twitter.com/sagintayev_b
Бұл туралы бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев көрші елден келген дәрігерлермен өткен онлайн конференцияда белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытай дәрігерлері Алматыдағы коронавируспен күрес шараларына оң бағасын берді, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев көрші елден келген дәрігерлермен өткен онлайн конференцияда белгілі болды. Виртуалды кездесу барысында қаладағы коронавируспен күрес бойынша тәжірибе алмасу мәселесі талқыланды. Соның ішінде жаппай тестілеу, қауіпті індеттің алдын алу, емдеу және науқастарды оңалту, медицина қызметкерлерін даярлау әрі оқыту жағы пысықталды. Көрші елдің ақ халаттылары  коронавируспен күресте Алматы мамандары дұрыс бағытта келе жатқанын жеткізді. Яғни, дер кезінде оқшаулау, одан кейін жаппай тексеру маңызды.

«Коронавируспен күресте сіздер дұрыс әдіс қолданып жатырсыздар. Егер осы қарқынмен жалғастырсаңыздар, дерттен тез арада құтыласыздар. Қазір бүкіл әлем бір-бірімен тәжірибе алмасып жатыр. Біз де қарап қалмай, білгенімізбен бөлісіп жүрміз. Қалада атқарылып жатқан шаралар оң нәтижесін береді деп сенеміз», – деді ҚХР Ұйғыр автономдық ауданы синьцзян дәрігері   Лу ЧЭНЬ.

Қытай дәрігерлері Алматыда карантин тәртібінің дұрыс сақталып жатқанын айтты. Сондай-ақ, вирустың алдын алу шаралары да жүйелі ұйымдастырылғанын атап өтті. Өз кезегінде қала басшысы Бақытжан Сағынтаев көрші елдің ақ халаттыларына індетпен күресте қол ұшын созғандарына алғыс айтты. Еске салайын, осыған дейін Қытайлық дәрігерлер Елорда мен Қарағанды қалаларында болып, тәжірибелерімен бөліскен еді.



Новости партнеров