Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды

Нысанның өзіне 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 60 адамға арналған той шара басталмай жатып тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы мониторинг тобының мүшелері хабарлады. Түрксіб ауданының мониторингтік тобы карантиндік шаралардың сақталуын тексеру шаралары кезінде Ақан Сері көшесі, 75 мекен-жайындағы Симфония кафесіндегі банкетке дайындық фактісін анықтады. Бейнекадрларда кафенің тойға дайындығы көрсетілген.  Сонымен бірге, мониторингтік топ профилактикалық жұмыс жүргізді және көптеген адамдармен, атап айтқанда 60-қа жуық адам қатысатын  тойды тоқтатты.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаевтың айтуынша, іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасалған.  Шектеу іс-шараларын бұзу фактісі бойынша заңды тұлғаға тиісті материалдар ресімделді, мәліметтер сотқа өткізіледі.  Нысанның өзіне 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Мониторинг топтардың жедел жұмысының арқасында адамдардың жаппай жиналуы және жұқтыру қаупі жоғары шара өткізілмеді.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қалада енгізілген барлық шектеу шараларын орындауға шақырамыз. Тәуекел тобындағы адамдарға, созылмалы аурулары бар қарт адамдарға - мүмкіндігінше үйде отыруға және әлеуметтік байланыстардан, атап айтқанда тойларға, жерлеу рәсімдеріне және т.б. шараларға қатысудан аулақ болуға кеңес беріледі.

Новости партнеров