Әлемнің бірқатар елдері карантин режиміне көшкелі біраз болса, Алматыда карантин бүгін енгізілді. Күллі дүниені жайлаған қауіпті індет дүниежүзін алаңдатып отырғаны жасырын емес, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шет мемлекеттер кеселден қалай сақтанып жатыр? Қауіпті індет қай елде өршіп, керісінше, қай мемлекетте жағдай тұрақталды?
Италияның адам аяғы арылмайтын Монтекатини Термен көшесіннен тірі жан көрінбейді. 8 наурызда премьер-министр Джузеппе Конте әлемнің 15 провинциясына шектеу жариялап, италяндық әрбір тұрғынның үйінен сыртқа шығуына да тыйым салған. Төтенше жағдай жариялған елде талаптарды бұзғандарға 3 жылдан астам бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қауіпсіздіктің алдын-алу шараларына кеш қамданған Италияда 1 тәулікте коронавирустан 475 адам қаза болды. Мұндағы тұрғындардың айтуынша, жағдай күн санап өршіп бара жатқан көрінеді.
«Дәл қазір бізге үйден тек азық-түлік және дәрі-дәрмектер сатып алу үшін ғана шығуға рұқсат беріліп отыр. Басқа жағдайда шығуға болмайды. Қазір қаланың көп тұрғындары уақыт үйде балаларымен өткізуге мәжбүр», – деді Италия азаматы Александр СРЫБНЫХ.
Оңтүстік Корея
Ал, қауіпті індеттің ошағы саналатын Оңүстік Кореядағы жағдай мүлдем басқаша. Керісінше, вирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді. Сеулде адамдар жұмысқа шығып, тұрғындар әдеттегі штаттық режимге көше бастаған. Қазір Оңтүстік Корея астанасында коронавирусты жұқтырғандардың саны 8,5 мыңнан асады. Олардың ішінде 100-ге жуығы көз жұмған.
«Қазіргі уақытта жағдай қалыпты, көптеген адамдар сауығып, ауруханалардан шығарылып жатыр. Қазір тұрғындар көп келетін мекемелеріміз ашық, адамдар қалыпты жұмыс істеп жатыр, бәрі тәртіппен жүргізілуде», – деді Оңтүстік Корея азаматы Юлия ЦОЙ.
«Сеулде ерекше карантиндік режим жоқ, көріп отырғаныңыздай, айтарлықтай қозғалыс жүйеленіп келеді. Әрине, сонда да біз сақтануға тырысамыз. Маска киіп, қолымызды жиІ жуып, сақтық шараларды жасап жүрміз. Көпшілік жерлерге бармауға тырысамыз», – деді Оңтүстік Корея азаматы Александр ЦАЙ Сонымен қатар, Түркияда инфекция жұқтырғандар 191 адамға жетті. Бүгін осы аурудан қаза тапқан 2-адам тіркелсе, Ресейде қауіпті кеселден алғашқы адам көз жұмды. Мәскеудегі ауруханада ем алған науқас 79 жылғы әйел болған. Ал, Қытайдың Ухань провинциясында алғаш рет соңғы тәулікте жаңа дерек тіркелген жоқ. Әлем бойынша, аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 218 мың 631 жетсе, 8810 адам көз жұмған және 84 мың 113 науқас жазылып шықты. Әлемде жайлаған аты жаман ауру біздің елді де айналып өтпеді. Бүгінде ел билігі оның одан ары өршуіне жол бермеу үшін қолдан келген жұмыстарды жасап жатыр.
Бүгін әр кез қайнап жататын мегаполистің көшелері бүгін аз да болса тыншыған. Студенттер елдеріне кетті, тұрғындарға аса қажеттілік туындаған жайда болмаса үйден шықпауға кеңес берілді. Карантиннің уақыты әзірге 15 сәуірге дейін. Билік өкілдері қабылдап жатқан іс-шаралардың барлығы сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін. Әлем елдеріне көз жүгіртсек, барлығы осындай қатаң тәртіп режимдегі карантиннің арқасында аз да болса қауіпті кеселді ауыздықтап жатыр. Қайта біз, жағдай өршіп кетпей тұрғанда қамданып жатырмыз да сондықтан.