|
02.07.2020 | 20:43
8509

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды – Б. Сағынтаев

Бұл туралы қала әкімі өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды – Б. Сағынтаев

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысында қосымша шектеу шараларын енгізуге дайындық барысы талқыланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. 

«Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысында қосымша шектеу шараларын енгізуге дайындық барысын талқыладық. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес қызметі екі аптаға тоқтатылатын кәсіпкерлік субъектілердің тізімін анықтаймыз. Ал қызметін жалғастыратын мекемелер үшін санитарлық қауіпсіздік бойынша қатаң ережелер белгіленбек.

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды. Сырқаттану мен ауруханаға жатқызу деңгейінің динамикасына қарай шектеу шараларын ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады. Бұл біздің әрқайсымызға байланысты», – деп жазады Сағынтаев.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир