Елімізде карантин жеңілдетілгенімен, арқаны кеңге жаю әлі ерте. Соңғы тәулікте індеттің кесірінен 37 адам көз жұмды. Оның алтауы – коронавирус пневмониясынан, қалғаны коронавирустан қайтқан. Өлім-жітім ең көп тіркелген аймақ әлі де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Шығыс Қазақстан облысы болып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал өткен тәулікте жаңадан коронавирус жұқтырғандардың саны 1 717 адам болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда бұл көрсеткіш 428 адамға жетті. Ал елордада 288 адам вирусқа шалдыққан. Жұғу дерегі ең төмен көрсеткіш – Маңғыстау облысында. Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 893 мыңға жетті.
Бір қуантарлығы, бұл аурудан айыққандар саны көбеюде. Тек, өткен тәулікте 1 913 адам коронавирус инфекциясынан құлан-таза жазылып шықты. Соңғы мәліметке сәйкес, Алматыда – 586 тұрғын, ал Нұр-Сұлтанда 275 науқас сауыққан. Мамандардың айтуынша, науқастардың коронавирустан толық жазылып шығуына халықтың белсенді түрде КОВИД-ке қарсы екпе салдырғаны себеп болған. Яғни, қоғамдық иммунитет қалыптаса бастады.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақта түр. Ал Шымкент, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта орналасқан. Қалған облыстар «жасыл» аймақта» тұр.
COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар:
Нұр-Сұлтан 5 науқас
ШҚО 5 науқас
Алматы 4 науқас
Шымкент 4 науқас
Қызылорда облысы 3 науқас
Ақмола облысы 2 науқас
Қарағанды 2 науқас
Ақтөбе облысы 2 науқас
Жамбыл облысы 1 науқас
Атырау облысы 1 науқас
Павлодар облысы 1 науқас
СҚО 1 науқас.
Коронавирусқа шалдыққандар саны:
Нұр-Сұлтан 288 адам
Алматы 429 адам
Шымкент 28 адам
Ақмола облысы 53 адам
Ақтөбе облысы 38 адам
Алматы облысы 133 адам
Атырау облысы 23 адам
ШҚО 100 адам
Жамбыл облысы 47 адам
БҚО 51 адам
Қарағанды облысы 179 адам
Қостанай облысы 107 адам
Қызылорда облысы 17 адам
Маңғыстау облысы 4 адам
Павлодар облысы 122 адам
СҚО 72 адам
Түркістан облысы 26 адам.
COVID-19 вирусынан айыққандар саны:
Нұр-Сұлтан 275
Алматы 439
Шымкент - 21
Ақмола облысы - 131
Ақтөбе облысы - 68
Алматы облысы - 317
Атырау облысы -124
ШҚО - 168
Жамбыл облысы - 3
БҚО -1
Қарағанды облысы - 154
Қостанай облысы - 8
Қызылорда облысы - 86
Маңғыстау облысы - 7
Павлодар облысы - 47
СҚО - 30
Түркістан облысы - 34.