Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 234 млн адамнан асты

Фото: sputniknews.ru
Фото: sputniknews.ru
Қауіпті індеттен 4 млн 801 мыңнан аса науқас көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде әлем бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 234 миллион адамнан асты, ал 4 млн 801 мыңнан аса науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы ретте, Украина билігі Киевте коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған адамдар үшін қалалық көлікте жүруге және қоғамдық орындарға баруға тыйым салуды қарастыруда.

Ресейде коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесін салдырған аяғы ауыр келіншек дені сау нәрестені дүниеге әкелген.

Ал Сингапурде жұмыс істеп, ақша табуға келген шетелдік азаматтардың бәріне вакцина салу міндеттелмек. Бұл талап 7 қазаннан бастап күшіне енеді.

Қытай астанасы Бейжіңде 31 қазан күні өтетін марафонға тек вакцина алған желаяқтар ғана қатыса алады. Яғни, марафон басталардан 72 сағат бұрын спортшылардың коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсетуі қажет.

Ал Швейцарияда әр жаңа вакцина үшін 50 франк марапаты белгіленген.

Новости партнеров