Қазақстандық «KazCovidIn» вакцинасы мутацияланған коронавирусқа қарсы ең тиімді екпе болуы мүмкін. Бұл туралы Еуропадағы қазақ дәрігерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Тұрсын «Алматы» арнасының «Телемедицина» бағдарламасында мәлімдеді. Сондай-ақ, шет мемлекеттерде қолданылып жатқан вакциналардың артықшылықтары мен кемшіл тұстарына да тоқталған еді. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіттің бейнематериалында.
Қазір әлемде коронавирустың жаңа штаммдары тарап жатқаны белгілі. Осы тұста Швейцариялық ғалым Серік Тәженұлы мутацияланған вирусқа қарсы екпенің ең тиімдісі Қазақстанда өндіріліп жатқан «KazCovidIn» вакцинасы болуы мүмкін дейді. Яғни, отандық екпе Covid-19 вирусын әлсірету немесе өлтіру арқылы ескі технологиямен жасалып, адам ағзасына антидене ретінде егіледі екен.
«Қазақстанның вакцинасы шығып жатқан мутацияға да көмектесуі мүмкін. Оны бірінші шығару керек, оны істеу керек. Өйткені оның ішінде 20-дан астам ақуыз бар. 27-29 шамасы. Сол әрбір ақуыздың әрбір бөлшегіне Қазақстанның вакцинасы антидене шығарады. Ол тек қана, спайкпротейн ғана емес, басқасына да шығарылады. Сондықтан ол бүкіл вирусқа жан-жақтан қарсы шабуыл жасайды», – деді Еуропадағы қазақ дәрігерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Тұрсын.
Ал, Ресейлік «Спутник V» вакцинасының 14 миллион дозасын бүгінде әлемнің елуден аса мемлекеті қолдануда. Елімізде де халыққа салынып жатқан екпенің әлі күнге дейін кері әсері болған жағдай тіркелмеген дейді ғалым.
«Спутник V»-де сол тәсілмен жасалған. Ол да адамнан аденавирус алған. Онда 2 екпе. Біреуі мына «Johnson & Johnson» аденавирус-26-ға тіркелген. Екінші түрі аденавирус 5-ке тіркелген. Бүгінге дейін тромбоз тіркелмеген. «Церланцит» деген журналда жалпы тиімділігі 92 пайыз деп шықты», – деді Еуропадағы қазақ дәрігерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Тұрсын.
Сондай-ақ, Америкада қолданылып жатқан «Johnson & Johnson» вакцинасы вирустың жаңа штаммдары пайда болған уақытта жасалған дейді маман. Десе де адамдарда кері әсері пайда болып, өлім санының көбеюіне байланысты ресми тіркеуден алынып жатыр.
«Johnson & Johnson» дейді. Америкада 68 миллион вакцинасын жасады. Содан 6 адам ауырып қалып, миында тромбоз пайда болды. Бастың ішінде мида қатты вена бар. Соның ішінде тромбоз пайда болып, содан 1 адам қайтыс болды. Сондықтан оны тоқтатып тастады. Бұл дегенімізі векторлық түрі дейді. Адамның аденовирусын алып, спайкпротеинді қосып, егіп жатыр», – деді Еуропадағы қазақ дәрігерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Тұрсын.
Сондай-ақ, Еуропа елдері қазір «АстроЗенека» және «Модерна» екпелерін алуда. Десе де, қазір кәрі құрлықта вакцина тапшылығының орын алып жатқаны белгілі. Тек, Швейцарияның өзінде халқтың 8 пайызы вакцинациядан өткен. Екпе жасау алгоритміне сәйкес, вакцинаны вируспен күресте алдыңғы шепте жүргендерден кейін 65 жастан асқан қариялар мен созылмалы аурулары бар адамдарға салады екен.
«AstraZeneca» бар. Бұл ағылшындардікі. Сол да векторлық түрмен жасалған. Олар бірақ мына маймылдың аденовирусын алып, соған спайкпротеинді тіркеп, екі рет екпе жасайды. «Johnson & Johnson» бір-ақ рет екпе жасайды. Бұлар өте көп тромбоз берді. Бүкіл Еуропадан тоқтатып тастады. Бірақ Еуропада 60-тан асқан адамдарға жасауға рұқсат бар негізі», – деді Еуропадағы қазақ дәрігерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Тұрсын.
Бүгінде әлемде коронавирусты зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Вирустың мутацияланған түрін жеңу мақсатында аталған екпелерден бөлек, Бразилияда Pe1, Оңтүстік Африкада BE1351, Англияда BEBE117 екпесі және АҚШ-та «Нововакс» вакциналары өндірілуде дейді маман.
Аяулым Көлжігіт, «Алматы» телеарнасы