|
29.04.2019 | 09:48
7373

Димаш өзін 10 сағат бойы жаңбыр астында күткен тыңдармандарына алғыс айтты (видео)

Әнші концертке келген әр адамға рахмет айтып, оларды көргеніне қуанышты екенін жеткізді

Димаш өзін 10 сағат бойы жаңбыр астында күткен тыңдармандарына алғыс айтты (видео)

Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында  өзін 10 сағат бойы жаңбырдың астында күткен жанкүйерлеріне әлеуметтік желі арқылы алғысын білдірді. 

«Кешегі концертiміз жаңбырдың астында өтсе де, көңілді өткен секілді. 10 сағат жаңбырдың астында мені күтіп тұрған барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс білдіремін. Рахмет Чэнду!»,- деді Димаш Құдаберген.

Сондай-ақ әнші концертке келген әр адамға рахмет айтып, оларды көргеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Көптеген жұлдыздар сіздер сияқты жанкүйерлерді армандайды деп ойлаймын. Мен сондай бақыттымын», - деді Димаш.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир