|
26.11.2019 | 19:37
5313

Ержан Максим наурыз айында Польшада концерт қоятынын мәлімдеді

Әлемдік деңгейде өткен бұл байқауда биыл біздің еліміз екінші мәрте бағын сынады

Ержан Максим наурыз айында Польшада концерт қоятынын мәлімдеді

Отандасымыз Ержан Максим наурыз айында Польша мемлекетінде концерт өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы жас әншінің қатысуымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онда әлемдік «Junior Eurovision» байқауына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленген таланты таудай бауырымыз алдағы уақыттағы жоспарларымен де бөлісті.    

«Мен енді шынымды айтсам осы әншілікпен жүргім келеді. Өйткені мен осындай дауысымды тастағым келмейді, вокалды тастағым келмейді. Алдағы уақытта көптеген елдерде, көптеген қалаларда концерт беремін, басқа да конкурстарға қатысамын деп ойлаймын», - деді JUNIOR EUROVISION байқауының жүлдегері Ержан МАКСИМ.

Әлемдік деңгейде өткен бұл байқауда биыл біздің еліміз екінші мәрте бағын сынады. Болашақта осы байқауға Қазақстанның ересек азаматтары да қатыса алады. Ол үшін келіссөз жұмыстары да жүргізіліп жатыр екен. Ал, баспасөз мәслихатына келген әншінің анасы Гүлмира Әлібек бүкіл уақытын Ержанға арнап, барынша қолдау көрсетіп жүргенін айтады.    

«Қалай осындай үлкен дәрежеге жетуге болады деп көптеген кісілер ақыл кеңес сұрап жатады. Әрқашан балаға көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Мен осы баламның арқасында қазір барлығын қойып, барлық жұмысымызға дейін тастап, тек Ержанмен айналысып жүрміз. Ешқандай қиындыққа мойымау керек. Барлығына төзе білу керек. Баланы әрқашан қолдай білу керек», - деді Ержан Максимнің анасы Гүлмира ӘЛІБЕК.

Айте кетелік, бүгін түнде жерлесіміз Ержан Максим елге оралып, жас әншіні Алматы әуежайында жанкүйерлері, достары, ет-жақындары және «Алматы» телеарнасының тілшілері күтіп алған болатын. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир