|
12.09.2019 | 11:05
37488

Қала күні: Алматыда алтыншы рет «Gakku Дауысы» фестивалі өтеді

2018 жылы бесінші мерейтойлық концертті тамашалауға 200 000-дай адам жиналды

14 қыркүйек күні жыл сайынғы «GAKKU ДАУЫСЫ» VI қазақстандық эстрада фестивалі «Астана» алаңында өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Gakku Дауысы» – жыл сайын өтетін дәстүрлі қазақстандық музыка фестивалі.

«Gakku» телеарнасы ұйымдастыратын концерт еліміздің ең танымал әртістер мен әншілердің басын қосады, алдыңғы буынның жарық жұлдыздары мен сан алуан жанрдағы музыка өкілдері бір сахнада өнер көрсетеді.

Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық контентті және жастар арасында отансүйгіштікті насихаттау.

2018 жылы бесінші мерейтойлық концертті тамашалауға 200 000-дай адам жиналды, ал «Gakku» телеарнасындағы және YouTube-тегі тікелей эфир арқылы концертті еліміздің түкпір-түкпіріндегі әнсүйер қауым көріп, көзайым болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир