Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 23 бойжеткен еліміздің бірінші аруы атағы үшін күресті. "Қазақстан аруы-2022" атағы 24 жастағы астаналық Томирис Кәкімоваға бұйырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Байқаудың ақтық сынына 12 қыз шықты.
"Томирис Какимова, 24 жаста, Астана қаласы. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын халықаралық құқық мамандығы бойынша бітіріп, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде заңтану магистрі дәрежесін алды. Академиялық білім алуға қарамастан, ару шығармашылыққа уақыт табуға тырысқан. Томирис бала кезінен биге құмар және ұлттық би бойынша гран-при жүлдегері бола отырып, түрлі жарыстқа қатысады. Ол спортпен және йогамен айналысуға уақыт табуға тырысады, ал бос уақытын отбасымен және туыстарымен өткізеді", - делінген жеңімпаз туралы ресми парақшада.
"Конкурсқа қатысқандағы мақсатымның бірі - шығармашылық жағынан өзімді көрсету және өз талантымды ашу мүмкіндігі. Мен сұлулық пен сән саласында одан әрі дамығым келеді, ал бұл байқау - мен үшін мансабымның жаңа деңгейіне шығудың тамаша мүмкіндігі. Жақында отбасын құрып, өз бизнесімді ашқым келеді", — дейді Томирис.
Томиристен басқа тағы төрт ару түрлі номинацияда жеңіске жетті.
People choice - Алтыния Ғазизова (Семей).
Vice-Miss Kazakhstan - Томирис Заир (Алматы).
Miss Earth Kazakhstan - Дильназ Тілаева (Алматы).Miss Universe Kazakhstan - Диана Тәшімбетова (Алматы).