Алматыда Айгүл Шамшиденованың жеке концерті өтті

Алматыда Айгүл Шамшиденованың жеке концерті өтті
Вена филармониясының жетекші солисі классикалық музыка жауһарларын орындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әйгілі опера әншісі Айгүл Шамшиденованың жеке концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вена филармониясының жетекші солисі классикалық музыка жауһарларын - арфа, фортепиано және оркестрдің сүйемелдеуімен орындады.  Көрермендер де әншіні ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті.

– Еуропада қыздар қазақтың әндерін, керемет орындап, елге танытып жүр. Ол біздің мақтанышымыз! Оны әрқашан да қолдап жүрем, – деді көрермен Аршагүл Тойбаева.

Әнші кеш соңында қолдау көрсеткен тыңдармандары мен жақындарына алғысын білдірді. Ал өнерпаздың анасы қызының қайсар мінезбен әлі де талай шыңды бағындыратынына сенімді.

– Үнемі жан-жағындағыларға мерекелік көңіл-күй сыйлағанды жақсы көреді. Бүгін – сондай айтулы күннің бірі. Айгүл Қазақстанда жеке концертін жиі өткізіп тұрады. Оның тұрақты тыңдармандары жиналады, – деді А. Шамшиденованың анасы Фарида Жылқыбаева.

Оұи отырыңыз: Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Новости партнеров