Исабеков әлемі: Алматы театрында “Бөрте” спектаклі қойылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Декорация шынайлығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылдың 13 қазанында Алматы театрында белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың 80 жасқа толған  мерейтойына орай, II халықаралық “Исабеков әлемі” театр фестивалінде “Бөрте” спектаклі қойылады,деп хабарлайды Almaty.tv.

Бөрте әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғысханның  қоңырат тайпасынан алған алғашқы әйелі. Бөртеге арналған тұңғыш шығарманың  қазақ сахнасында қойылуы да «тұңғыш»  екенін атап айту керек. Қойылым 10-11 жастағы Темучин (Шыңғыс ханның шын есімі) мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде Темучин алауыздық жайлаған моңғол тайпаларын біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады. Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған атақты “Калқа өзені бойындағы шайқасқа” дейін жетеді. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады.

“Бөрте” спектаклін қоюға белгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор (Davide Livermore)  шақырылды.  Қойылымның көркемдік жетекшісі -Айнұр Көпбасарова, режиссер- Carlo Sciaccaluga, сценограф– Anna Varaldo, координатор-Alice Ferranti, декоратор-суретші  - Жанат Кокимбеков, костюм бойынша суретші – Айжан Абдуайт, композитор - Хамит Шанғалиев, әдеби редактор – Шынар Омарова, жарық бойынша суретші- Даурен Самашов, Балетмейстер – Асем Алдибекова, Мадина Муратпекова,  Дәулет Мұратпеков, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова және Түркістан музыкалық драма театрының  жас драма актерлары және балет әртістері.

Тарихи спектакльдің  ғылыми кеңесшісі: тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлан Атығаев.  Ролдерде ойнайтын әртістер: Еркебұлан Дайыров, Лейло Ақназар, Әділ Ахметов, Қонысбек Бекайдаров, Зәмзагүл Бекайдарова, Алихан Идрышева, Нартай Сауданбекұлы, Ақбота Рахат, Әшім Ахметов, Толқын Нұрбекова және Түркістан музыкалық драма театрының артистері.

Декорация шынайлығымен, сахналық киімдер тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындауымен  ерекшеленеді.  Белгілі композитор Хамит Шаңғалиев спектакльге арнап эксклюзивті музыка жазды.

Новости партнеров