Әулие Валентин мерекесін тойлаған қазақстандық жұлдыздар кімдер?

NUR.KZ
NUR.KZ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

14 ақпан күні әлем жұртшылығы ғашықтар мерекесін, яғни «Әулие Валентин» күнін асыға күтеді. Ал біздің елімізде махаббат мейрамы 15 сәуірге бекітілгеніне қарамастан, сүйгендеріне сезімін дәл осы күні мойындап жататындар жеткілікті. Осы орайда отандық жұлдыздар да сүйіктілерінен алған сыйлығын желіге жарыса жүктеуде, деп жазады NUR.KZ.


Аз уақыт бұрын өзінің ғашығын жұртқа көрсеткен Луина бұл мерекені ерекше атап өткен. Әнші өзінің Instagram парақшасында сүйіктісі Артеммен түскен суреттері мен естеліктерін жүктеген.

«Махаббат бар! Махаббат барлық жерде бар! Біреу ғашықтар мерекесін тойлайды. Ал біреу тойламайды. Мен барлығына махаббат, бақыт тілеймін», - деп жазды Луина Instagram парақшасында.

ъ

Үш баланың анасы атанған Салтанат Бақаева да күйеуімен бұл мерекені ерекше атап өткен.

«Басқаларында қалай екенін білмеймін. Бірақ біз сүйіктім екеуміз жұмыстың көптігінен бір-бірімізге көңіл бөлуге уақыт таба алмаймыз.

«Ғашықтардың әр күні мереке» дегендерді мен түсінбеймін. Не олар әлі отбасылы емес немесе олардың өмірі шын мәнінде ертегі әлеміндегідей.

Сол себепті жолдасым екеуміз әр мерекені жіберіп алмауға тырысамыз. Мейлі ол біздің елге, дінге қатысты болмаса да. Біз соның жақсы жағын ғана қабылдаймыз.

Ол не дейсіз ғой? Ол бір-бірімізге деген сезімді білдіру. Бір-бірімізді қуантамыз. Нұржан, мен сізді сүйемін!», - деп жазған «Арнау» тобының әншісі Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, отандық актриса Бибігүл Ақтан Instagram парақшасында мерекелік сыйлығымен түскен суретін салып, көпшілікті Валентин күнімен құттықтады.

«Барлығын ғашықтар мерекесімен құттықтаймын! Барлығыңызға махаббат тілеймін. Оның үстіне елімізде ғашықтар күнін жылына екі рет тойлау мені қуантады. Оның бірі халықаралық, екіншісі - ұлттық мереке ғой», - дейді актриса.

Әріптестерінен қалыспаған Ерке Есмахан да бір шоқ гүлмен түскен суретін Instagram парақшасына жүктеп қойды. Алайда әнші Валентин мерекесі жайлы бір ауыз сөз жазбаған.

Айта кетейік, ғашықтардың асыға күтетін Валентин мерекесі жайлы қызықты деректерді жариялаған болатынбыз.



Новости партнеров