Ұлттық кітапханада Наурыз мейрамы тойланды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жиынға қалалық мәдениет басқармасы өкілдері мен белгілі жазушылар және журналистер қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Ұлттық кітапханада Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған шарада салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз жаңғыртылды. Күмбірлеген күй мен әуелеген ән де Наурыздың сәнін келтірді. Жиынға қалалық мәдениет басқармасы өкілдері мен белгілі жазушылар және журналистер қатысып, жұртшылыққа ізгі тілегін білдірді. 

"Наурыз – ас ішіп, ыдыс босату емес. Керісінше жақсы тілек тілеп, жақсы сөз айтып, болашаққа бағдар жасау. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өзінің дәстүрлі Жолдауын жолдап, ұлттық мәселелерді жан жақты талқылады", - дейді журналист Бақыт Жағыпарұлы.

"Ұлттық кітапхана ерекше парасат ордасы. Осы жерде әлемнің 123 тілінде жазылған 7 миллионнан астам қорымыз бар. Құдай қаласа 9 сәуір осы жерде дін мен дәстүр деген зал ашқалы жатырмыз", - дейді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова.

Новости партнеров