|
09.04.2021 | 16:35
955

Қазақ халқына еңбегі сіңген ҚХА өкілдері туралы энциклопедия жарық көрді

Кітапқа барлығы 300-ден астам адам енген

Қазақ халқына еңбегі сіңген ҚХА өкілдері туралы энциклопедия жарық көрді

Ұлты өзге болса да, жанымен, жүрегімен қазақ халқының мәдениетін терең сезінген адамдардың тағдыры туралы тағылымды, тартымды деректер жинағы елімізде жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының мұрындық болуымен басып шығарылған туынды «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» деп аталады. Кітапқа барлығы 300-ден астам мәдениет және өнер қайраткерлері, театр және кино әртістері, музыканттар, жазушылар, суретшілер, әрлеушілер мен безендірушілер енген. 

«Бұл басылым – Қазақстанның рухани-мәдени негізіне айналған жандарға деген құрмет десек болады. Жарқын тағдырлардың жақсы өмірбаянын қайта оқи отырып, ел тарихының өткені мен бүгінін бағамдаймыз», – деді Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры Шәріпбек Әмірбеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир