Шыңғыс Айтматовтың әйелі қайтыс болды
Фото: sputnik.kg
Ол 78 жаста еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әйелі Мария Айтматова ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kg-ке сілтеме жасап.
Мария Айтматованың неден қайтыс болғаны белгісіз. 24.kg порталы оның жүрегі ауырғанын жазған еді. Ал бірнеше күн бұрын жазушының келіні отбасы мүшелері коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.
Айта кетейік, Шыңғыс Айтматов 2008 жылы 10 маусымда Германияда 79 жасында қайтыс болған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
03.10.2026 15:30
Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды
02.10.2026 10:30