Манас – жыршылық өнерінің алтын арқауы: Алматыда әдеби-сазды кеш өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Мақсат – түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Манас – қазақ, қырғыз жыршылық өнерінің алтын арқауы». Алматыда осындай атаумен әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсат  түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру. Іс-шараға көрші қырғыз елінен қаламгерлер мен жыршылар келді. «Манас жырын жарыққа шығарып, оны идеология құрығынан құтқаруға Мұхтар Әуезов ерекше еңбек сіңірген. Бұл қазақ-қырғыз елінің жақындығын және жанашырлығын айқын көрсетеді» деді кешті ұйымдастырғандар. 

Сондай-ақ елімізге Қырғызстаннан «Манас» жырын 124 сағат оқып, Гиннесс рекордын орнатқан белгілі жыршы Рысбай Исақов арнайы келіп қатысты.

– «Манас – қазақ-қырғыздың жыршылық өнерінің алтын арқауы» деп бекер айтылып отырған жоқ. Жыршылық өнердің атасы – әлемде теңдесі жоқ Манас жөнінде қанаттас елге мағлұмат беріп, қарым-қатынасымызды күшейтейік деп келіп отырмыз, – деді жыршы Рысбай Исақов (Қырғызстан).

Новости партнеров