|
08.07.2021 | 17:18
5278

Президент көрнекті кинорежиссер, жазушы С. Нарымбетовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Сатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді

Президент көрнекті кинорежиссер, жазушы С. Нарымбетовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сатыбалды Нарымбетовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Сатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді. Қоғамдағы күрделі өзгерістерді, заманның жаңарған келбетін экран арқылы көрсете білді. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде дүниеге келген әрбір туындысы сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды. Сондай-ақ әр жылдары жарық көрген кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады. Отандық кино өнерін және рухани-мәдени саланы дамытуға мол үлес қосып, соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырған Сатыбалды Жәлелұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир