|
20.05.2022 | 20:09
13684

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өтті

Концерт Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өтті фото: Адель Мухатаева

Батырсыз 7 жыл – қазір Алматыда Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған BATYR.GÜL ALMATY арнау концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Қазір алаңда атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Халық көп. Батыр шығармашылығының адал жанкүйерлері концертті тамашалап, көздеріне жас алып ән шырқап жатыр. Бүгінде миллиондаған тыңдарманның сүйікті әндерін симфониялық оркестр, солистер, Батырдың замандастары мен жас музыканттар алғаш рет орындайды.

«Концертті ұйымдастырушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты сахнаны Республика сарайының көрермен залына ауыстырды. Ішке кіре алмағандар үшін Абай алаңында үлкен экранда трансляция ұйымдастырылды», - дейді әнші Әлібек Әлмадиев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, BATYR.GUL ALMATY арнау концерті – бұл Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қорының қызметінің жалғасы, ол әнші туралы естелікті сақтауға және Қазақстанның жанды әрі күшті мәдени ортасын қалыптастыруға бағытталған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир