Наурызбай ауданында екі жаңа емхана салынады

pikabu.ru
pikabu.ru
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбай ауданында екі жаңа емхана салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғандарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурызбай ауданында емханалардың жетіспеу проблемасын шешу және медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін Құрамыс (жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, мемлекеттік сараптама қорытындысы – 2023 жылдың III-тоқсаны) және Шұғыла (жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияланды, 2023 жылдың сәуір айында жобалау басталады. Мемлекеттік сараптамасымен бірге жобалауды аяқтау мерзімі - 2024 жылдыңI-тоқсаны) шағынаудандарында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана және Ақжар шағынауданында 1 дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарланған (шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты жобалау ұйымы «ҚазНұр» ЖШС шартты біржақты тәртіппен бұзды. Конкурсты қайта жариялау 2023 жылдың наурызына жоспарланған, жобалауды аяқтаудың болжамды мерзімі - 2023 жылдың желтоқсаны).

Новости партнеров