ШҚО-да жергілікті емхана қызметкерлерінен 331 мобильді топ жасақталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Олар тек азаматтарға шақырту бойынша үйлеріне барып, медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, дәрі-дәрмек те жеткізіп бере алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті емхана қызметкерлерінен 331 мобильді топ жасақталған. Олар карантин уақытында тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Семей қаласында 71, Өскеменде 41 және 17 аудан мен қалаларда 219 топ жұмыс жасап тұр. Олар тек азаматтарға шақырту бойынша үйлеріне барып, медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, дәрі-дәрмек те жеткізіп бере алады», – деді Ілияс Мұхамеджанов.

Сонымен қатар, аталмыш жобаны қолдау мақсатында аудан мен қала әкімдіктері өздерінің қызметтік көліктерін мобильді топтарға табыстаған.

Новости партнеров