|
11.04.2024 | 10:47
2111

Алматылық травматологтар жас қыздың қол сүйегін қалпына келтірді

Ауыр әрі бірегей ота жасау шешімі қабылданды

Алматылық травматологтар жас  қыздың қол сүйегін қалпына келтірді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Алматылық травматологтар жас қыздың қол сүйегін қалпына келтіру отасын сәтті жасап шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Қалалық клиникалық ауруханаға 22 жастағы қыз қозғалыс кезіндегі ауырсыну, білезік буынындағы деформация және радиустың дистальды эпиметафизінің дұрыс біріктірілмеген сынуы, шынтақ сүйегі басының шығуы және радиалды артикуляцияның жыртылуы салдарынан қозғалыс көлемінің шектелуінебшағымданып  түсті. Науқастың білезік буынында қозғалыс шектеуі, буынның қаттылығы мен саусақтардың ұйып қалуы және ісінуі сияқты басқа да жағымсыз әсерлер болды.

Білікті профессорлар науқастың жағдайын алдымен зерттеді. Профессор Абдуразаков Арман Оразбайұлы, бөлім меңгерушісі Иргалиев Берік Эрикұлы және емдеуші дәрігер Нұржан Әбдәкімұлының қатысуымен клиникалық талдау жүргізілді.

Аталған күрделі клиникалық жағдай бойынша бірлесе отырып ауыр әрі бірегей ота жасау жөнінде шешім қабылданды.

1,5 сағатқа созылған отаға радиустың остеотамиясы, Z-тәрізді остеотамиямен радиустың ұзаруы, құлыпталған пластинаның бұрандалы остеосинтезі және шынтақ басының сублуксациясын жою кірді. Мұндай жағдай, әдеби мәліметтерге сәйкес, өте сирек кездеседі - 1000/1. Күрделі ота  жоғары кәсіби және медициналық дәлдікпен жасалды.

- Білек буынындағы деформациялар сәтті жойылды, бұл науқасқа буын қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Ота алдында науқас білезік буынындағы   майысқан контрактурадан қиналды, бұл қозғалыс көлемінің айтарлықтай шектелуіне әкелді. Отадан кейін науқасқа буын функцияларын қалпына келтіруге және жалпы жағдайды жақсартуға бағытталған оңалту курстары  тағайындалды. Бірте-бірте науқас отаға дейінгі небәрі 50%-ды құрайтын қозғалыс көлемін қалпына келтіре бастады, - дейді ота жасаған травматолог Нұржан Нұралы.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық қалалық клиникалық ауруханада заманауи хирургия әдістерін қолдана отырып, буындардың күрделі зақымдануын сәтті және тиімді емдеу жүргізіледі. Мұндай отаны жүргізу үшін клиника барлық қажетті технологиялық жабдықпен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: Жәрдем медициналық пойызы 20 сәуірде жолға шығады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир