Алматылықтар ХҚКО-да тегін медициналық тексерістен өтті

Алматылықтар ХҚКО-да тегін медициналық тексерістен өтті
900-ден астам қаралған тұрғындардың 200-ге жуығы өздері сырқаттанып жүргенін білмеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл шара «Денсаулық акциясы» аясында ұйымдастырылған. Онда 100-ден астам тұрғын тіс дәрігері, хирург пен көз дәрігері сынды аса қажетті мамандарға жүгініп, кеңес алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін ХҚКО-ға келіп едім. Өзім де ауырып тұрғанмын. Бір жағынан тексерілдім. №36 емхана ұжымы барлық жағынан қарап жатыр екен. Қан қысымымызды өлшетіп, рентгеннен өттік, көзімізді тексерді, қан талдауын тапсырдық. Соның бәрінен өттім. Бұл жақсы іс деп ойлаймын», - деді емханаға келген Жәния ҚАЙЫРБЕКОВА.    

Мамандар осындай көшпелі медициналық тексеріс алдағы уақытта үш ай сайын ұйымдастырылып тұрады дейді. Ұйымдастырушылар осы уақытқа дейін 8 акция өткізген. Онда 900-ден астам тұрғын қаралған. Тіпті, оның ішінде 200-ге жуығы өздері сырқаттанып жүргенін білмейтін болып шыққан.

«Бізге бүгін қаралған сырқаттар 50-ден жоғары. Оның ішінде 10 шақтысы өзінің артериалдық гипертензия екенін әлі білмеген. Қан қысымының жоғары екенін білмеген. Себебі қан қысымының жоғары не төмендгіне еті үйреніп қалған науқастар болды. Оларға өз ұсыныстарымызды айттық. Сонымен қатар өздерінің емханасына барып, есепке тұруға, дәрілерін уақытылы қабылдап, уақыты ішуіне ұсыныстарымызды жазып бердік», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы №36 емханасының отбасылық дәрігері Руслан ӘБДІҚАСЫМОВ.

Новости партнеров