Алматыда респираторлық орталық тегін медициналық көмек көрсетеді

Алматыда респираторлық орталық тегін медициналық көмек көрсетеді
Орталық кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жаныан 2010 жылы ашылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күндізгі стационар жанында өкпе патологиясы бар пациенттерге жоғары мамандандырылған көмек көрсететін респираторлық орталық жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жаныан 2010 жылы ашылған. Күндізгі стационарында тәулік бойы ауруханада жатуды талап етпейтін, бірақ күндізгі уақытта емдік-диагностикалық көмек керек пациенттерге арналған.

Күндізгі стационарда аллергологиялық, кардиологиялық, эндокринологиялық және гастроэнтерологиялық бейіндегі пациенттерді емдеу дәрігердің бақылауымен жүзеге асады.

Күндізгі стационардың меңгерушісі, жоғары санатты кардиолог дәрігер, м.ғ.к. Бағдат Құттыбаеваның айтуынша, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап күндізгі стационарда амбулаторлық жағдайда диагностикалық коронароангиография жасалып келеді. Сонымен қатар ферментті, иммуномодуляциялаушы дәрілерді, биологиялық терапияны қажет ететін фабри, мукополисахаридоз, крон ауруына, спецификалық емес ойықжаралы колитке және т.б. орфандық (сирек кездесетін) ауруларына шалдыққан пациенттер ем қабылдайды. Орталықта 15 төсек орны бар.  


«Күндізі стационарда емделу тегін жүргізіледі. Емделуге жатқызу үшін тұрғылықты жерінің емханасы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультациялық-диагностикалық орталығының жолдамасымен және пациенттің күндізгі стационарға қаралған жағдайда іске асырылады», дейді – Бағдат Сансызбайқызы.


Күндізі стационарда стационарды алмастырушы көмек, яғни күні бойы ұзақтығы 4 сағаттан 8 сағатқа дейін медицина мамандарының бақылауымен көмек көрсетіледі. Сонымен қатар емдік-диагностикалық және консультациялық көмек көрсетіледі. Жүректің ишемиялық ауруларының созылмалы түрлері, стенокардия, артериялық гипертония, жүректің жүре пайда болған кемістігі, кардиомиопатия, жүректің созылмалы ревматикалық аурулары, жүрек ырғағының бұзылысы, миокард инфаргіне шалдыққан және созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді тексеріп, емдеу жүргізіледі. Базистік терапия, профилактикалық ем таңдалады, пациенттің күй-жағдайына күні бойы бақылау жүргізіледі, кардиологиялық және терапевтік бейіндер бойынша жоспарлы емдеу шаралары жасалады. Күрделі диагностикалық жағдайлар болса, консилиум жүргізіледі.

Новости партнеров