Алматыда тұмауға қарсы екпе сотталған 45 балаға салынды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД
Бас бостандығынан айыру орнындағы балалардың иммунитетін көтерудің маңызы зор екені белгілі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күз бен қыс айларында өршитін тыныс алу органдары ауруларының алдын алу, сотталған балалардың арасында аталған аурудың жаппай таралмауы мақсатында жуырда Алматы қаласында жазаларын өтеп жатқан мекемедегі жасөспірімдерге №5 қалалық емханамен бірлесіп, екпе салу жұмыстары жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Балаларды екпеге дайындау барысында мамандар оларда тыныс жолдары аурулары белгілерінің бар-жоғын, коронавируспен ауырғандармен байланысын тексеріп, дене қызуларын өлшеді.

Екпе 45 сотталған жасөспірімге  және мекеме қызметкерлеріне жасалды. Бас бостандығынан айыру орнындағы балалардың иммунитетін көтерудің маңызы зор екені белгілі. Бұл орайда Алматы қаласындағы ЛА-155/6 түзеу мекемесінде балаларға берілетін тамақтың құнарлылығы үнемі басты назарда ұсталады.

Аталған мекемедегі медициналық бөлімде 17 медицина қызметкері, оның ішінде дәрігер терапевт, тіс дәрігері, психиатр мен фтизиатр жазалы жасөспірімдердің денсаулығын қадағалайды. Қандай бір ауру белгілері анықталған жағдайда олар толыққанды емдеу жұмыстарын жүргізеді.

Жылына 2 рет сотталған балалар №5 қалалық емхана мамандарының көмегімен жан-жақты профилактикалық тексеруден өткізіледі.

«Екпе салу кезінде ағзаға инфекциялық агенттің бөлшегі енгізіледі. Вакцинадағы инфекциялық агент ауру тудырмайды, бірақ ағзаның ауруға қарсы антидене өндіруіне жағдай жасайды», – дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы Арай Мәди.

Новости партнеров