|
09.01.2020 | 13:11
2526

Алматылық медицина ұйымдарында аудит жүргізілді

Алдын-ала берілген мәліметке сүйенсек, 2020 жылы халыққа 269 медицина ұйымы қызмет көрсетеді

Алматылық медицина ұйымдарында аудит жүргізілді

Алматыда 888,4 мың тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерді тегін пайдалана алады. Бұл туралы медициналық сақтандыру мәселелері жөнінідегі республикалық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Нұрлыбек Қабдықапаров хабарлады.

«Биылдан бастап жеңілдігі бар 15 санатқа жататын тұрғындарға сақтандыру пакетіндегі қызметтерді мемлекет есебінен көрсетіледі. Қазіргі таңда шамамен Алматы тұрғындарының 44,7 проценті аталған санатқа кіреді», - деді Н.Қабдықапаров.

Филиал басшысы алматылықтарды медициналық сақтандыру жүйесімен толыққанды қамту, барлық медицина ұйымдардағы ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру, әрбір тұрғынның мәртебесін анықтау мәселелерінің маңызын атап өтті. Айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарында қала бойынша мәртебесі анықталмаған 246 мың адам болған. Өткен жылдың соңында 197 мың адамның сақтандыру жүйесіндегі мәртебесі анықталды.

2020 жылға белгіленген жоспар бойынша, 159,2 млрд теңгенің қызметі сатып алынбақ. Оның 103,5 млрд теңгесі – тегн көмек пакетіне, 55,7 млрд теңгесі – МӘМС пакетіне тиесілі.

Сонымен қатар, биылғы жылы КТ/МРТ сынды бағасы қымбат болып келетін қызметтерге 3,8 млрд теңгеден астам, онкологиялық сырқаттарды емдеуге 49 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жалпы қала бойынша 12 КТ, 13 МРТ аппараты бар, деді Н.Қабдықапаров.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Алматы қаласының МӘМС-ке дайындық деңгейі жоғары екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда меицина мекемелеріндегі жұмыс орындары компьютермен толық қамтамасыз етілген. Мемлекеттік емхханалар мен ауруханалар ақпараттық жүйелерге қосылған. Сондай-ақ, МӘМС щеңберінде қалпына келтіру, оңалту, консультативтік-диагностикалық көмек пен стационарды алмастыратын көмекке бөлінетін қаражат та едәуір артып отыр», - деді вице-министр.

Алдын-ала берілген мәліметке сүйенсек, 2020 жылы халыққа 269 медицина ұйымы қызмет көрсетеді. Оның 131-і - тегін медициналық көмек пакеті, 138-і - сақтандыру пакеті бойынша жұмыс істейді. Қормен келісімшарт бекіткен клиникалардың басым бөлігі - жеке меншік.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир