Қазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болған

© AFP 2019 / MARTIN BERNETTI
© AFP 2019 / MARTIN BERNETTI
Пневмония ауруларының саны 2020 жылдың маусымында өткен жылмен салыстырғанда төрт есе өсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда маусым айында 628 адам пневмониядан көз жұмған. Ауруға шалдығу жағдайлары былтырғы жылмен салыстырғанда төрт есеге артқан. Мұны еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір бұл жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ,  бас санитарлық дәрігер пандемия кезінде қанша медицина қызметкерінің биқилық болғанын да жария етті.

«Ондай қайғылы оқиғаның 18 жағдайы тіркелді. Бірақ бұл жағдайлардың бәрі бірдей коронавируспен байланысты емес. Алайда олардың арасында COVID-19 ауруын жұқтырғандарға көмек көрсеткендер де бар», – деді  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  Айжан Есмағамбетова.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қалың бұқараға той-жиындарды тия тұру қажет деп, тағы бір мәрте ескертті.  Адам көп жиналатын жерде инфекция жұқтырғандардың саны күрт өсіп кететінін еске салды.

«Халықты алдын алу шараларын сақтауға шақыруда шаршамаймыз. Қазір әлеуметтік желілер арқылы да, туған-туыстарымыздан халық әртүрлі той-жиынды – туған күндерді, еске алу рәсімдерін өткізуде. Мұндай шаралар барлық өңірде болып жатыр. Осы жиындардан кейін, өкінішке қарай, бәрі де 100 пайыз коронавирус инфекциясын жұқтырып алатынын байқаймыз. Адамдар мұндай жиын-тойлардан келіп, вирусты үйіне таратады», – деді  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  Айжан Есмағамбетова.

Новости партнеров