Алматыда жасөпірімнің жақ сүйегі мен бетіне ота жасалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тұрмыстық жарақаттан кейін оның жағы қисайған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы енді жақ-бет патологиясы бар науқастарды қабылдайды. Оларға медициналық сақтандыру аясында тегін ота жасалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирургтері 15 жасар науқастың бет асимметриясын түзету операциясын сәтті жасады. Тұрмыстық жарақаттан кейін жасөспірімнің жағы қисайған, төменгі жақтың оңға қарай қозғала алмауынан бір жыл бойы баланы ыңғайсыздық мазалаған.

Бір жыл бұрын, дәрігерлер жасөспірімге мидың шайқалуымен бірге "оң жақтағы буын процесі бойынша төменгі жақтың сынуы" деген диагноз қойған. Содан кейін шұғыл түрде балаға металл құрылымымен төменгі жақтың остеосинтезі жүргізілді. Бұл - жақтың сынуын қалпына келтіруге арналған хирургиялық процедура және құрылымдар сүйектерді дұрыс қалыпта бекітеді.

- Жарақат алғаннан кейін бір жыл өткен соң жасөспірім мен оның ата-анасы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жүгінді. Тексеру нәтижелері бойынша оң жақтағы төменгі жақтың дамымай қалғаны, соның салдарынан бет асимметриясы болғанын анықтадық. Пальпация кезінде ауырсыну болды. Аузы тек 3,5 см-ге дейін ашылады. Ауызды ашқан кезде төменгі жақ солға қарай қозғалмады. Тістеуі терең, қисық болған. Біз «оң жақ самай және төменгі жақ буын артропластикасы» жоспарлы хирургиялық емдеуді ұсындық, - деді Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жақ-бет хирургы, жоғары санатты дәрігер, м.ғ.к. Аида Уразаева.

Жоспарлы госпитализациядан кейін хирургтер «титан имплантымен оң жақ самай және төменгі жақ буын артропластикасы» операциясын жасады. Операция және отадан кейінгі емдеу нәтижелері бойынша жасөспірім оң көрсеткішпен ауруханадан шығарылды.

Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының базасында жақ-бет патологиясы бар пациенттерге көрсетілетін қызметтерді енгізу балаларға медициналық көмекті жақсарту үшін маңызды қадам болды. Жақ-бет хирургиясы (CFC) қызметтері жақтың сынуы, беттің деформациясы, ісіктер және мамандандырылған араласуды қажет ететін басқа жағдайлар сияқты әртүрлі мәселелерде қажет болуы мүмкін. 

Бұл балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін үлкен маңызға ие жақ-бет проблемаларын тез және сапалы емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Алматылық хирургтар адам өмірін сақтап қалды

Новости партнеров