|
18.06.2021 | 13:50
1023

Түркістан облысында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды

Саябақтың аумағы 500 шаршы метр

Түркістан облысында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды otyrar.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Дәрігерлер аллеясы» ашылып, «Дәрігер мен медбике» ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі otyrar.kz-ге сілтеме жасап.

Медицина саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында бой көтерген демалыс орнына аудан бюждеті есебінен 12 млн. теңге қаржы жұмсалған. Тұрғындардың демалып, бой сергітуіне арналған саябақтың аумағы 500 шаршы метр.

Игі шараның ашылу салтанатында аудан әкімі сөз сөйлеп, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

«Аудан тұрғындарының атынан адам өмірінің арашасы болып жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын. Дүниежүзін жайлаған қауіпті індетпен күресте ақ халатты абзал жандарды еңбегі ерен»,− деді Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт.

Аллея ортасынан дәрігер мен медбике ескерткіші бой көтеріп, «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақтайшасы орнатылды. Сондай-ақ, 8 дана ыңғайлы орындықтар және түнгі жарықшамдар орнатылған. Абаттандыру мәселесіне де көңіл бөлініп, 70-ке жуық арша, аққайың көшеттері отырғызылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир