Президент Үкіметке дәрігерлердің жалақысын арттыруды тапсырды

Фото: ҚР ДСМ
Фото: ҚР ДСМ
Дәрігерлер еңбекақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Үкіметке дәрігерлердің жалақысын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл індет елімізде кәсіби дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесінің бар екенін көрсетті. Бұған себеп — төменгі жалақы, осы мамандықтың беделінің төмендігі және медицина қызметкерлерінің құқықтарының қорғалмауы.

«Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын біртіндеп арттыруды тапсырамын. Олардың еңбекақысы экономикамыздағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болуы тиіс. Бұл көрсеткіштерге біз 2023 жылға қарай қол жеткізуіміз керек», — деді ҚР Президенті.

Новости партнеров