Қызылша: СҚО-да 200 жағдай тіркелді

Almaty.tv
Almaty.tv
Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясында 47 курсант қызылша жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да қызылша жұқтырғандар саны күннен күнге көбейіп барады. Аймақта 200 жағдай тіркеліп, оның 107-ісі зертханалық дәлелденіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясындағы жағдай күрделеніп барады. Онда 47 курсант қызылша жұқтырған. Тағы 3 талдаудың қорытындысы әлі шықпаған.

– Академияда барлық іс-шара уақытылы өткізілді. 1195 адам ауру жұқтырғандармен байланыста болған. Оның 698-і вакцина салғызбаған. Екпе алмағандықтан, бұл мекемеде жағдай көп тіркелді. Сондықтан 72 сағат ішінде курсанттардың 92 пайызы шұғыл түрде вакцина алды, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Айта кетерлік жайт, былтыр облыс аумағында қызылшаның бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Аймақтағы жағдай күн сайын ушығып барады. Ауру жұқтырғандар арасында 11 оқушы мен 3 медицина қызметкері бар. Инфекцияны студенттер де жұқтырып жатыр. Қазір Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 21 жағдайы анықталып отыр.

– Петропавл қаласының колледжінде жағдай күрделі. Лабораториялық қорытындысы бойынша қызылша ауруы тіркелді. 1020-ға жуық студент қарым -қатынаста болған. Оның біреуінде нәтиже бойынша қызылша тіркелді, – деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов.

Оқи отырыңыз: Қызылша: Шымкентте қосымша медициналық бригада жұмысқа тартылды

Новости партнеров