|
02.03.2021 | 15:05
1010

Медициналық жабдықтары қатты тозған үш өңір

Жергілікті атқарушы органдар жас дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетпей отыр

Медициналық жабдықтары қатты тозған үш өңір ашық дереккөзден

Жергілікті атқарушы органдар жас дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетпей отыр. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет басшысына осындай шағым айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, өткен жылы жұмысқа орналасқан 1700-ге жуық түлектің тек 25 пайызы, оның ішінде ауылдық жерлерде 37 пайызы ғана әлеуметтік қолдау іс-шараларымен қамтылған.

«Ауылдық жерлерге барған жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдаумен ең төмен қамту 5 облыста тіркелген. Нақты айтқанда, ауылға барған мамандардың Түркістан облысында - 8, Алматы облысында - 9, Павлодар облысында - 14, Маңғыстау облысында - 29 және Шығыс Қазақстан облысында 35 пайызы әлеуметтік қолдаумен қамтылған», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.  

Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин жас медицина мамандарын ауылда жұмыс істеу үшін ынталандыруды тапсырды. Сондай-ақ алғашқы көмекті жаңарту мен оған халықтың қолжетімділігін кеңейту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау керектігін айтты.

«Қазіргі уақытта амбулаториялық емхана объектілері ғимараттарының ең жоғары тозуы мен ең төмен техникалық жарақтандыруы Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Ауылдарда жұмыс істеуге жас медицина мамандарын жаппай тарту, оларды ынталандыру қажет екенін атап өткім келеді. Әсіресе Түркістан, Ақтөбе облыстарында жас кадрларды материалдық ынталандыру жұмысы жеткіліксіз жүргізілуде», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир